Қызылордада пробация есебіндегі төрт сотталған рақымшылықпен босатылды
Қызылордада пробация есебіндегі төрт сотталған рақымшылықпен босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Шиелі аудандық пробация есебінде 70-тен астам сотталған есепте тұр.
Аудандық пробация қызметінің бастығы Қайрат Байгенжеевтің айтуынша, есептегі 25 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданып, іс-құжаттары Шиелі аудандық сотына жолданған.
– Аудандық соттың қаулысымен төрт сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл азаматтар бас бостандығын шектеу жазасымен пробация есебінде тұрғандар. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сот қарауында, – деді аудандық пробация бастығы Қ.Байгенжеев.