Қызылордада пробация есебіндегі үш сотталған жұмысқа орналасты
Қызылордада пробация есебіндегі үш сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Квотаға сәйкес қылмыстық жазасын өтеген адамдарды Әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы арқылы Қызылорда қалалық пробация есебіндегі үш сотталған Еңбек-Қызылорда филиалына бірінші дәрежелі жұмысшы лауазымына орналасты.
Аймақтық пробация инспекторы Нұрбол Баймурзаевтың айтуынша, пробация есебіне алынған әрбір сотталғанның тұрмыстық жағдайы зерделенеді. Олармен күнделікті мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбаттар жүргізіледі.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлескен көмектер беріледі.