Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда екі әйелден үш келіден астам есірткі тәркіленді

Қостанайда екі әйелден үш келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полицейлері үш келіден астам марихуана тәркіленген екі әйелді ұстады.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Қостанай қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы әйелден өсімдік тектес заты бар 15 полиэтилен түйіншегін тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Сол күні полицейлер облыс орталығының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қала аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Қызметтік іздестіру итін қолдана отырып тінту барысында оның пәтерінен екі келіден астам марихуана табылды.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге байланысты 141 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 12 келіден асады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру