Қызылордада «Пробация қызметінің үздік қызметкері» конкурсының бірінші кезеңі өтті
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ішкі істер қызметкерлері арасында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауын ұйымдасыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның негізгі мақсаты – пробация қызметкерлерінің кәсіби білім, білік дәне дағды тиімділігін арттыру, қызметкерлер арасынан үздігін анықтау. Байқау үш кезеңнен тұрады. Байқау қатысушылары атыс, жауынгерлік және атқарылған жұмыстары бойынша аумақтық пробация қызметі басшыларының шешімімен бағаланды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты жергілікті пробация қызметтерінен байқаудың талабына сәйкес, яғни пробация саласында еңбек өтілімі кемінде үш жыл болған, тәртіптік шарасы жоқ, тоғыз қызметкер іріктеліп алынды.
Байқаудың бірінші кезеңі бойынша қызметкерлердің атқарған жұмыс барысы, атыс, жауынгерлік дайындықтар бойынша сыналып, конкурста тоғыз қызметкерден бес қызметкер іріктелді.
Ж.Жүнісов, А. Сақыбеков, Б.Мұратбаев, Ә.Мұратбаев, Е.Жақсылықов екінші кезеңнің ережесі бойынша сайысқа түседі. Екінші кезеңнен іріктелгендер ҚАЖ комитетінеде өтетін «Пробация қызметінің үздік қызметкері» конкурсына жолдама алатын болады.