Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері «Балаларға балмұздақ» акциясын өткізді
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері «Балаларға балмұздақ» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясаты тобының аға инспекторы Д. Шахи, сондай-ақ мекеменің басқа да қызметкерлері Е. Ибраимов, А. Тоғжолова «Балаларға балмұздақ» акциясын ұйымдастырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
– Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі демекші, біз егеменді еліміздің ертеңгі жасампаз құрылысшылары болатын балаларға қамқорлық жасауымыз керек. Мерекеге орай қызметкерлеріміздің қолдауымен оларға бақытты шақтың бал дәмін татқызып, тегін балмұздақ таратуды жөн көрдік. Сондықтан бүгін балалар көп жиналатын орталық балалар саябағына барып, жүз балмұздақ тараттық, -дейді РжКБ-нің бастығы М.Жаңаберген.
Осылайша ҚАЖ қызметкерлері жұмыстарының қауырттығына қарамастан, уақыт тауып, жылына бір келетін мерекеде балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.