Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жидек бәлішін пісіріп берді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаздың бірінші күнінде Ақмола облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері балалар үйіне барды.

– Жаздың бірінші күнінде балалар үйіне бару біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Біз жылына бірнеше рет барамыз. Әр барғанымыз бізге ерекше әсер қалдырады. Ұлдар мен қыздардың көзінен шынайы қуанышты көру – ұмытылмас сезім, – дейді ЕЦ-166/18 қатаң режимдегі мекемесінің кадр саясаты тобының бастығы Эвелина Мусабаева.

ҚАЖ қызметкерлері балаларды тәттілермен, пайдалы табиғи сусындармен қуантты, колониядағы сотталғандар да өз үлестерін қосты, балаларға керемет тоқаш пен жидек бәлішін пісірді.

– Мекеменің әрбір қызметкеріне ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біздің балаларымыздың қуанышы сіздерге жақсы энергия беріп, барлық жоспарларды жүзеге асыруға көмектессін, – деді балалар үйінің директоры Юлия Алдажарова.

Щучинскідегі балалар үйінің бүлдіршіндері үшін бүгінгі күн қуаныш пен қызыққа толы болды. Бұл мамандандырылған балалар мекемесі 50 орынға есептелген. Бұл мекемеде аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған уақытша тұрақтайтын сәбилер де бар.

ЕЦ-166/23 мекемесінің қызметкерлері үнемі сәбилерге барып тұрады. Бұл жолы олар балалардың ой-қабілетін дамытуға арналған ойындарды сыйлауды шешті, бұл ойын ұсақ заттармен ұқыпты әрекеттер жасау арқылы ақыл-ойды қалыптастыруға, сөйлеуді, зейінді және есте сақтауды және ұсақ моториканы дамытуға арналған.

– Барлық ұжым атынан келушілерге, осы іс-шараға үлес қосқан жандарға алғыс! Жұмыста табыс тілеймін. Жыл сайын ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды назардан тыс қалдырмайтындарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Айгүл Джуматаева.


Сондай-ақ, аталмыш мерекеде Ақмола облысы бойынша ІІД Аршалы ауданының пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандардың балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Олар ата-аналармен балалар арасында өткен ерекше арбалар шеруіне қатысып, әртүрлі сыйлықтар және тәттілермен қуантты. Шерудің ең кішкентай қатысушысы төрт айлық сәби болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру