Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері мерекеде балалар үйіне арнайы барып қайтты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев Халықаралық балаларды қорғау мерекесінде Тараз қаласындағы Қабылбек Сармолдаев атындағы №1 балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндағы тәрбиеленушілерді бүгінгі мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ, кемел келешек тіледі. Сондай-ақ, велотренажерға және балалардың шынығуына арналған алты турникке сертификат табыс етті.

Аталған балалар үйінде 7 топ бар. Соның бір тобын өз қамқорлығына алды. Мұнда құр қол келмеген мекеме бастығы тіл үйірер тәттісі мен дәмді тағамдарды да үлестірді. Бүгінгі мереке иелері өздерін назардан тыс қалдырмай, құттықтап келген қамқор жандарға өз алғыстарын жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен бірге балалар келген қонақтарға ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру