Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын қарттарға құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы мен ҚАЖ ардагерлері бүгінде қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады. ҚАЖ департаментінің Шаймерден Тәжіқұлұлы "Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы" қарияларды мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Бүгінгі мерекеге орай орталықта қариялардың белсенді өмір сүруі сапасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт алаңы ашылуына орай ҚАЖ департаменті ұжымы үстел теннисін сыйға тартты.