Қызылордада ҚАЖД мекемесінде бақылаушылар кеңесі өтті
Қызылордада ҚАЖД мекемесінде бақылаушылар кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің 13 бақылаушысы қызмет атқарады.
23 ақпанда мекеме бастығының орынбасары Қ.Дайрабаевтың төрағалығымен бақылаушылар кеңесі өтті.
Жиын барысында Қанат Дайрабаев бақылаушыларға сыйбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бағытын түсіндіріп, қызмет барысында заңдылықты қатаң сақтау керек екенін айтты. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Сондықтан да қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, нысанды киім үлгісін кию ережелері мен қағидаларын сақтау кез келген ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің бірі екендігін баса айтты.
– Мекеме бастығының орынбасарымен бақылаушылар кеңесі жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Жиында мекеме қызметкерлеріне қызмет барысында өзінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқаруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен әдеп нормаларының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қызметкерлер азаматтармен оның ішінде сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайды. Сондықтан олардың сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керек, – деді мекеменің кезекші бөлімінің бастығы Жандос Әбдіқайыров