Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғынынан аңшы мылтығы алынды

Қызылорда облысының тұрғынынан аңшы мылтығы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ішкі істер органында тіркеуде жоқ атыс қаруы тәркіленді.

Сырдария ауданы Сейфуллин ауылының 37 жастағы тұрғыны өзінің мекенжайында ішкі істер органында тіркеуде жоқ қос ұңғылы аңшы мылтығын сақтағаны анықталған.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотының қарауына жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру