Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері жас сарбаздарды Қостанай академиясына оқуға шақырды
Қызылорда облысындағы 5547 әскери бөлімінің сарбаздарына ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы Айгерім Баймұрзаева, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов, Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №30 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Виталий Пепеляев, Жезқазған облысы бойынша ҚАЖД №62 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалғас Марленов Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сарбаздарға алдағы уақытта ішкі істер органдарында қызмет ету мүмкіндігін түсіндіріп, бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз. Сарбаздарды ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырамыз, – деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов.
Кездесу барысында қызметкерлер сарбаздарды оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді және қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге шақырды.