Қызылордада қонақ үйден ақша мен үш телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Қызылордада қонақ үйден ақша мен үш телефон ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.
1 ақпан күні сағат 03:30-мен 05:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында орналасқан қонақ үйдің бірінен кассада тұрған 40 мың теңге мен үш ұялы телефонды ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Полиция қызметкерлерімен ұрланған қаражат пен ұялы телефондарды ұрлаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге заттары қайтарылды, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.