Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар туыстарымен бейнебайланысқа шыға алады

ШҚО-да әйелдер колониясында сотталғандар туыстарымен бейнебайланысқа шыға алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың туыстарымен бейнебайланыс арқылы байланысу мүмкіндігі алғаш рет еліміздің Шығысындағы әйелдер колониясында еңгізілді.

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жазасын өтеп жатқандар өз туыстарын виртуалды түрде көре алады. Бұрын онлайн кездесу Skype арқылы 15 минуттан аспайтын болса, қазірде екі сағатқа дейін сөйлесуге мүмкіндік бар.

Заманауи технологиялардың арқасында сотталғандар бейне сұхбат түрінде қысқа мерзімді кездесулермен қамтамасыз етілуде. Сотталғанның өтініші негізінде туыстары келе алмаған жағдайда, олар қысқа мерзімді кездесулерді бейне кездесу түріне алмастыруға құқылы, сұхбат екі сағаттан аспау шарт.

Айта кету керек, сотталғандарды тәрбиелеудегі маңызды міндеттердің бірі – қоғамдық пайдалы байланыстарды сақтау және оларды зерттеу.

– Осында 16 жыл мерзімімнің бес жылын өтеп отырмын. Анам Ресейде тұрады, денсаулығына байланысты маған келуге мүмкіндігі жоқ. Алайда онлайн кездесу арқылы анамды көріп, ұзақ әңгімелесіп, оның амандығын біле алатын болдым. Біз қылмыс жасағанымызға қарамастан үкімет бізге осындай мүмкіндік беріп, әр мәселелерімізді шешуге жағдайымызды жасағаны үшін алғысым шексіз, – деп сотталған Евгения өз пікірімен бөлісті.

Сотталғандар өз туыстарымен Skype, таксофон, хат аламасу арқылы да қарым-қатынас жасай алады. Осындай жұмыстар сотталғандардың жаңұясымен қарым-қатынасын, өмірге және жасаған қылмыстарына деген көз-қарасын анықтауға көмектеседі.

Қаңтар айында ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде 10-нан астам сотталған бейне кездесу арқылы туыстарымен байланыса алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру