Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы әйелдер колониясында ароматерапия тренингі өткізілді

ШҚО-дағы әйелдер колониясында ароматерапия тренингі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әртүрлі хош иістер мидың барлық аймақтарына түрлі әсер береді. Кейбіреулері тыныштандырады және ұйқышылдықты тудырады, басқалары аландаушылықты тудырады.

– Қыстың соңында кейбір адамдардың эмоционалдық жағдайы жақсы жаққа өзгермеуі мүмкін деген пікір бар. Көбінесе мұндай жағдайларда олар “көктемгі өршу” кінәлі деп айтады. Көктемнің өршуі ауру емес, ол қыстың ұзаққа созылуынан, авитаминоздан болуы мүмкін, ал бізде бұл кезенді түрмеде отырғаны да қиындатады. Көптеген адамда стреске төзімділік төмендейді. Бұл жаңжалға әкеп соғуы мүмкін, сондықтанда біз әйелдер арасында ароматерапия тренингін өткізуді жөн көрдік, – деп түсіндірді ОВ 156/21 мекеменің аға инспектор психологы Алтынгүл Агатанова.

Ароматерапияға адамдардың көзқарасы әртүрлі. Біреуі қызығып пайдаланса, біреуін бұл тіпті қызықтырмайды, ал үшіншілер бұл бағытты мүлде бидғат деп санамайды. Бірақ ең шынайы скептиктің де иістердің біздің өмірімізде маңызды рөл атқаратындығымен дауласуы екіталай.

– Мен хош иістерді жақсы көремін, біра қалыпты жадайда ұстауға тырысамын. Мен үшін иістер өте маңызды құрамдас болып саналады, мен тіпті тағамдарды ең алдымен иісіне, содан кейін дәміне қарай бағалаймын. Ароматерапияың пайдалы немесе пайдалы емес екендігі туралы көп дауласуға болады. Бірақ мен сіздермен ароматерапия туралы бір тарихи фактіні бөліскім келеді. Еуропада оба кезінде Францияда бір қала болды, аты есімде жоқ, ол жерде чума, холера деген сияқты оба болмаған екен, себебі қаланың ауасы эфир майларымен қаныққан. Айта кетсем, қаланың өзінде парфюмерия дүкендері мен шеберханалары көп болыпты, – деп өте қызық оқиғамен бөлісті сотталған Екатерина.

– Менің мерзімімнің соңына дейін аз уақыт қалды, сондықтан мен қазір керісінше аздап ашушаң, шаршаған болған сияқтымын, бірақ бұл дұрыс емес екенін түсінемін, шамасы өз ойым. Бұл қыспен көктемнің ауысуының әсері. Бүгінгі сабырлы музыка мен хош иістердің үйлесімі ұмытылмас және жағымды эмоциялар берді. Денем босансып, бар ойым балаларым, анам, үйім жақта, отбасым мен жақындарымның махаббаты толы жерде болды. Мен басқаларды білмеймін, өзім көз жазыма ерік бердім. Бұл әдемі ой шындық емес екеніне өкіндім, – деп сотталған Саша өз әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру