Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан 39 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды

СҚО-да жыл басынан 39 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да қаңтар айының басынан СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 39 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Негізгі себеп – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу. Бұдан бөлек, облыстың 58 тұрғыны да жазаға тартылды, басым бөлігі – шетелден қонаққа келген азаматтар туралы үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарын хабардар етпегендер.

Осындай фактілерді анықтау бойынша жұмыс облыста өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында күшейтілді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері базарларды, құрылыс алаңдарын, фермерлік шаруашылықтар мен заңсыз еңбек мигранттарын жиі кездестіруге болатын өзге де орындарды тексеруде. Петропавлда жұмысқа орналасуға құқығы жоқ өзге елдің тұрғынын жөндеу жұмыстарына жалдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

– Қазіргі уақытта СҚО аумағында 2593 шетел азаматы жүр. Қаңтар айында қызмет бөліністері шетелдік қонақтарға жұмысқа орналасуға 105 патент берді. Жалпы өңірдегі көші-қон жағдайы тұрақты. Шетілдіктер мен қабылдаушы тұлғаларға ҚР заңнамасы талаптарын қатаң сақтауға кеңес береміз, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру