Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері халықпен WhatsApp арқылы тығыз байланыста

Петропавл полицейлері халықпен WhatsApp арқылы тығыз байланыста, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин халықпен байланыс жасау үшін WhatsApp мессенджерін белсенді қолдануда. Қаңтар айында ол жергілікті полиция қызметі бағыты бойынша 7 қоңырау мен 17 хабарлама қабылдады.

Негізінен арыздардың басты тақырыбы – Жол жүрісі қағидалары мен көлікті қою ережелерін бұзу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу. Маршуттық автобустардың бірінің жүргізушісі ПБ бастығы орынбасарының чатында тұрақты “қонағына” айналған. Қоғамдық көліктердің аялдамаларында ол ЖҚЕ бұзушыларды, жол қозғалысына қауіп төндіретін жолдың жүріс бөлігіндегі мұзды суретке түсіріп, мәселенің қысқа мерзімде шешілетіндігін нық білдіре отыра Әлібек Ғабдуллинге жібереді.

– Жалпы мәселелердің ауқымы кең. Жуырда 19-шы ықшам ауданның тұрғындары екі асыл тұқымды ит ұстайтын көршілеріне шағымданды. Тұмылдырықсыз иттерден балалар қорыққан, подъездің және маңайдың санитарлық жағдайы сын көтермеген. Иттің иесі үй жануарларын серуендету ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдайды учаскелік полиция инспекторы бақылауға алды. Халықпен онлайн режимде байланыс жүргізу бүгінгі күнгі полиция жұмысының қалыпты жағдайы екендігін атап өткім келеді. Барлық учаскелік инспекторлар Instagram әлеуметтік желісінде аккаунттар ашты, алдағы уақытта әрқайсысы WhatsApp-та да қосылады, – дейді Әлібек Ғабдуллин.

Жұмыстың сервистік моделі үш бағытты көздейді: құқық бұзушылық профилактикасы, полицияның “жұртқа жақын болуын” қамтамасыз ету және де халықпен қарым-қатынас жүргізу.

Осының бәрі учаскелік инспекторлардың міндетіне жатады. Учаскелік полиция инспекторларының аты-жөні және байланыс телефондары жазылған жаңа ақпараттық парақшалар дайындалуда. Онда онлайн байланыстың жаңа мәліметтері көрсетілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру