Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 4 күннің ішінде 2 есірткі сату фактісін анықтады

СҚО полицейлері 24-27 қаңтар аралығында өткізілген “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кезеңде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері саптық бөліністермен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз өзара іс-қимыл жасады. Операцияның төрт күнінде сегіз есірткі қылмысы анықталды, оның екеуі сату фактісі, бір келі марихуананың төрттен бір бөлігі, 10 грамм синтетикалық есірткі алынды. Алынған заттар сараптамаға жіберілді.

“Полиция жұмысында есірткіні анықтауға және сату арналарының жолын кесуге баса назар аударылады. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткімен күрес аса өзекті. Өткен жылы есірткі қылмысына қарсы қарқынды жұмыс жүргізілді. 197 факті анықталды, оның 59-ы сату болды. Заңсыз айналымнан 410 кг түрлі есірткі және психотроптық заттар алынды. 12 айдың ішінде қызметкерлер сегіз есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты, оның төртеуі синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан”, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру