Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы әйелдер колониясында азаматтарды қабылдау өтті

ШҚО-дағы әйелдер колониясында азаматтарды қабылдау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақтан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылындағы әйелер колониясында азаматтарды комиссиялық қабылдау өтті. 

Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтылған “Бір сөзден түсінетін мемлекет” деген қалыптастыру міндеттері аясында ұйымдастырылды. Бұл басқосуда мекеме басшылығы мекеменің бөлім және қызмет басшыларымен бірлесе отырып қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. 

Атап айтқанда, сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі жазаны орындауға қатысты сотталғандардың туыстары сұрақтар қойып, жан-жақты жауап алды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бас бостандығын шектеу немесе айыппұл түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, қауіпсізідігі төмен мекемелеріне ауыстыру үшін тиісті құжаттарды сотқа жіберудің шарттары мен өлшемдері сияқты мәселелер, атқару парақтары бойынша талап-арыздарын төлеу, жұмыспен қамту, сондай-ақ сотталғандарды медициналық және тұрмыстық-коммуналдық қамтамасыз ету мәселелері сияқты сұрақтар қарастырылды.

Сондай-ақ, көптеген келушіні бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге рұқсат беру, сәлемдемелер мен некеге тұруды рәсімдеу мәселелері қызықтырды. Шара барысында мекеме басшысы Жақсылық Алтаев және комиссия мүшелері қылмыстық-атқару жүйесінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша түсіндірме берді.

– Менің ойымша, мұндай кездесулер  тек оң нәтиже береді, өйткені біз сотталғандардың туыстарымен бірге жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне оң әсер ететін көптеген мәселелер мен ұсыныстарды талқылай алдық. Азаматтарды қабылдау барысында түсініктемелер беріліп, кейбір мәселелерді мен жеке бақылауыма алдым, – деп түсіндірді мекеме басшысы Жақсылық Алтаев.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде орташа, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 200-ден астам әйел өз өмірін өтеп жатыр. Негізінен олар ұрлық, алаяқтық, есірткі сату және сақтау үшін жазасын өтеуде, бірақ олардың басым бөлігі адам өлтіру сияқты аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру