Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Қызылорда қаласында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2021 жылғы 5 ақпан күні Қызылорда қаласындағы Өсербаев көшесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің, қалалық әкімдік, прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасының және облыстық телеарналардың қызметкерлері бірлескен рейд өткізді.

Іс-шара барысында аталған аумақта орналасқан алты көпқабатты үйдегі жалға берілетін пәтерлер тексерілді.

Тексеру барысында тәуліктеп жалға берілетін 15 пәтер мен оны жалға алушы азаматтардың жеке бастары анықталып, оларға тыныштықты бұзуға жол берген, қоғамдық орындарды ластаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертілді.

Сонымен қатар, аталған аумақта орналасқан 18 пәтер агенттігі тексеріліп, пәтерді жалға берушілерге жалға алушы азаматтарды тіркейтін журнал арнап, шетел азаматы келген жағдайда учаскелік полиция инспекторларын хабардар ету, кәмелетке толмаған азаматтарға пәтерді жалға бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы) алты азамат полиция пунктіне жеткізілді, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу ) үш азамат Қызылорда облыстық наркологиялық орталығына жеткізілді. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру