Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған жүргізуші «Арқан» құрылғысына 8 мәрте түскен
Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған жүргізуші «Арқан» құрылғысына 8 мәрте түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz
11 қыркүйекте Қызылорда облысы ПД-ның Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған Hyundai Elantra автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 25 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды. Сонымен қатар, бұл автокөлікке «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 8 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-2-3-бөлігі бойынша 244 310 теңге айыппұл салынған.
Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.