Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер автокөліктерде жасалған бірнеше ұрлықты ашты

Петропавлдық полицейлер автокөліктерде жасалған бірнеше ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы екінші бөлімінің кезекші бөліміне автокөліктердің салонында бір түнде жасалған бірнеше ұрлық туралы арыздар келіп түсті. Белгісіз қылмыскерлер әйнекті бұзып, ішке кірген. Бір жағдайда көлік иесі жүк тиегішті жабуды ұмытып кеткен. Ұрылар автомагнитола мен құрал-саймандарды олжалаған. Мәселен, Абай көшесінде Audi A6 автокөлігінен модем, электр бұрғы қолды болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Олар 18 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Ұрланғанның бір бөлігі алынды.

– Көлік иелерін автомашиналарын жарық түсіп тұрған, бейнекамералар орнатылған орындарға қалдыруға шақырамыз. Бейнебақылау – қылмыстардың алдын алу мен ашудың сенімді құралы. Барлық қала тұрғындарын мүмкіндігінше камераларды үй кіреберістеріне, бақылаумен аула аумағын қамтуға кеңес береміз. Бұл қаскөйлерге тосқауыл болады және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, сигнализацияны пайдануға, көлікті қалдырған кезде есіктерінің ашық қалмағанына көз жеткізуге, салонда ұрылардың назарын аудартатын ақша, құжат пен құнды заттарды қалдырмауға кеңес береміз, – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов.

Жыл басынан СҚО-да автокөлік салондарынан 26 ұрлау фактісі тіркелген, заңсыз бұзып кірумен байланысты оның ауыр 15-і ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру