Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сарбаздарға қару-жарақты қолдану тәртібі түсіндірілді

Қызылордада сарбаздарға қару-жарақты қолдану тәртібі түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/5 мекемесіндегі режим бөлімінің бастығы Алмат Әлназаров пен 55/47 әскери бөлімінің жеке атқыштар рота командирі Бауыржан Ақшалов және бақылаушылар взвод командирі Батырлан Тахаев сарбаздарға қару-жарақты қолдану тәртібін түсіндірді. 

– Бүгінде ҚР ІІМ қарасты Ұлттық ұлан әскеріне қоғамдық тыныштықты сақтау, маңызды мемлекеттік нысандарды, соның ішінде түзеу мекемелерін күзету мен қорғау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар міндеттер жүктелген. Жауынгерлік жаттығу – әскер құрамының әзірлігі мен қуатын айқындайды. Сонымен қатар, сарбаздардың біліктілігін, ептілігін, дәлдігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, сарбаздар қашан да және қандай жағдайда болсын қарсыласқа тойтарыс беруге тас-түйін дайын болуға тиіс. Шара барысында әскерге алынған жігіттерге өздері қолданатын қару-жарақ түрі таныстырылып, оны қалай қолдану керектігі мен мақсаты түсіндірілді, – деді режим бөлімінің бастығы Алмат Әлназаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру