Қызылордада шаруа қожалығына ұрлыққа түскен екеу анықталды
Қызылордада шаруа қожалығына ұрлыққа түскен екеу анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 2-сі күні Шиелі ауданы Бидайкөл ауылынан батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан жеке шаруа қожалығындағы, мал қорасының жоғарғы бөлігін жауып тұрған темірден жасалынған жаппаны белгісіз біреулер ұрлап кетіп, егесіне жалпы құны үш миллион теңге шығын келтірген.
Жедел іздестіру барысында қылмысты жасаған, бұрын 29 қыркүйек 2015 жылы ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен үш жылға сотты болған Шиелі ауданының тұрғыны 1984 жылы туған Б. есімді азамат пен бұрын соттылығы жоқ Шиелі ауданының тұрғыны 1990 жылы туған Г. есімді азамат екені анықталып, толыққанды жауаптары алынып, келу жөнінде міндеттемелері түсіндірілді.