Төлебилік полицейлер тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен жігіттерді ұстады
Төлебилік полицейлер тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен жігіттерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда түнгі сағат 1:30 шамасында, өзінің үйінің ауласында тұрған «Опель-Вектра» маркалы автокөлігін белгісіз азамат заңсыз басқарып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Қылмыс орнына келген Төлеби АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері айналаны мұқият тексерді, сондай-ақ басқа да жедел іс-шараларды өткізді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлермен сұхбаттасып, көшедегі бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктілерді жергілікті мекенжайынан ұстады. Жедел уәкілдер қолға түскен күдіктілерді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.
Тергеу барысында анықталғандай, екі жігіт өзара келісіп, оңай жолмен олжа таппақ болған. Осылайша көшелерді аралап, тексеріп шыққан. Осы сәтте жәбірленушінің үйінің алдында тұрған автокөліктің есігі ашық қалып кеткенін байқап, оны заңсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін үнемі бекітіп жүруді ескертеді. Мүмкіндігінше көлікке қауіпсіздік дабылын орнатыңыз, бұл ұрыларды қорқытуға көмектеседі. Егер, Сіз, автокөлік ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.