Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан абаттандыру ережелерінің 3 мыңға жуық бұзушылығы тіркелді

СҚО-да жыл басынан абаттандыру ережелерінің үш мыңға жуық бұзушылығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан СҚО полицейлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 2882 хаттама толтырған, оның мыңнан астамы Петропавл қаласында. Осы уақытқа дейін аумақты қардан тазалау проблемасы өзекті болды. Қар ерісімен үй маңын қоқыстан тазалау мәселесінің өзектілігі артты.

Петропавлда Сатпаев көшесіндегі көп қабатты үйдің қасында қыста қардан көрінбей жатқан қоқыс анықталды, мұны “Instagram”әлеуметтік желісінің бір пайдаланушысы түсіріп алған. Белгілі қалалық пабликте орналастырылған видеоны полицейлер анықтаған. №3 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Ердәулет Құсайынов ПИК төрағасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ол қоқысты жинастыру бойынша шара қабылдауға міндеттелді.

– Абаттандыру ережелерін сақтау бойынша тұрақты рейдтерді жалпықалалық сенбіліктен кейін өткізу жоспарланып отыр, – деп түсіндірді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах. – Дей тұрғанымен, ережелердің бұзушылықтарына қатысты көзделген жауапкершілік туралы ескертеміз. Жеке және заңды тұлғалар аумақты тазалап, тазалық сақтауға міндетті, оның ішінде жеке үйлердің аумағында, тек қаланы абаттандыру элементтерін (жол, тротуар, газондар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, суәкеткі) бұзып, сындыруға болмайды. Абаттандыру ережелерін бұзған жағдайда ескерту және айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Тексерістердің мақсаты айыппұл салу емес, бұл шара қайталап бұзатындарға қолданылады. Жергілікті полиция қызметінің аталған жұмыс желісі халықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге және елді мекендердің тиісті эстетикалық қалпын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру