Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар онлайн форматтағы мұражай көрмесіне қатысты

Қызылордада сотталғандар онлайн форматтағы мұражай көрмесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар облыстық өлкетану мұражайына қойылған тарихи жәдігерлерді онлайн түрде көріп білді.

Іс-шараның мақсаты – сотталғандарды өлке тарихымен таныстыру, тарихи түсініктерін арттырып, ұлттық мәдени көзқарастарын дамыта отырып, патриоттық тәрбие беру.

Музей қызметкері сотталғандарды алдымен “Қызыл кітапқа” енген Қызылорда аумағын мекендейтін жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне арналған көрмесімен таныстырды. Сондай-ақ сотталғандарға археология залында көне ғасырлар аясында пайдаланылған еңбек құралдарын көрсетті. Осылайша барлық басқа да тақырыптық экспонаттар мен тарихи жәдігерлерді көрген жазаланушылар өз тарапынан қызығушылықтарын да танытты.

– Мен бұл музейде бұрын болғанмын. Маған этнография залы мен мәдениет және өнер залына қойылған заттар ұнады. Жақын арада бостандыққа шықсам, Сыр елінің айтыскер ақыны Мұхтар Ниязовтың мұражайға сыйға тартқан “Алтын домбырасын” көзбен көріп қайтамын, – деді Н. есімді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру