Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар жұмыс орындарынан тексерілді

Қызылордада сотталғандар жұмыс орындарынан тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді. Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар Қызылорда қаласы аумағында жеке кәсіпкерлерде, өндірістерде келісімшарт негізінде жұмыс жасайды.

ЗК-169/4 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Б. Қалиев сотталғандардың жұмыс орындарын өз бетінше тастап кетуге, тыйым салынған заттарды қолдануға болмайтыны және мекемеге кешікпей уақытында келуі туралы түсіндірме жүргізді.

– Мекемедегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы 31 кәсіпорында жұмыс жасайды. Олар пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, көлік жөндеу орталығында, көлік жуу, арық тазалау, ішкі әрлеу жұмыстарымен, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады. Жуырда тағы төрт сотталғанды «Сәулет» ЖШС-ға жұмысқа орналасты. Олар ішкі әрлеу жұмыстарын жасайды. Жұмыс жасау арқылы жалақыларынан мемлекет және жеке тұлға алдындағы берешектерін өтейді. Жұмыс істейтін сотталғанды күнделікті мекеме қызметкерлері жұмыс орындарынан тексеру жұмыстарын жүргізеді, – деді Бағлан Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру