Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны тергеушіге алғыс білдірді

Петропавл тұрғыны тергеушіге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтар басқа біреулердің атынан әрекет етеді. Бұған мысал – Петропавл тұрғынының басынан өткен жағдай.

26 маусым күні қала тұрғыны интернетте хабарландыру бойынша ыдыс-аяқ жиынтығына тапсырыс жасаған. Ол алдын ала 25 мың теңгені аударған, бірақ тауарды әкелмегендіктен, полицияға жүгінген. Екінші полиция бөлімінің тергеушісі Аян Смағұлдың айтуынша, алаяқтар желілік маркетингінің атынан әрекет еткен.

Жәбірленуші тауарды сатқан Қостанай тұрғынымен байланыста болған, ол сатушы ретінде қашықтықтан жұмыс істеуге орналасып, жалған тауарды сататынын білмеген. Тергеушімен сөйлескеннен кейін әйел Петропавл қаласында тұратын жәбірленушіге хабарласып, келтірілген шығынды өтеген және өзі де тұрғылықты жері бойынша полицияға жүгінетіні туралы айтқан.

– 8 шілдеде іс ашылды, дәл сол күні ақшам қайтарылды. Мен тергеуші А. Смағұлға алғыс білдіремін. Өз жұмысын жақсы көретін мамандардың бары қуантады, – деп алғысын білдіріпті әлеуметтік желіде риза болған Петропавл тұрғыны.

Полицейлер интернетте қаржылық операцияларын жасаған кезде аса сақ болу қажеттігі туралы еске салады. СҚО-да 6 айдың ішінде 400-дей интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, оның 90-ы әлеуметтік желілерде тауар мен қызметтерді сатып алумен байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру