Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола обысында елордалық тұрғын танысын атып өлтірді

Ақмола обысында елордалық тұрғын танысын атып өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қанды қылмыс 18 шілдеге қараған түні Целиноград ауданы Қаратомар ауылында орын алды.

Таңғы сағат 08.40 шамасында жергілікті полиция бөліміне елордадағы қалалық ауруханалардың бірінде 36 жастағы ер адам оқ жарақатынан көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кезекші тәулікте жедел уәкілдер зардап шегушіге оның танысы – Нұр-Сұлтан қаласының 51 жастағы тұрғыны өлім жарақатын келтіргенін анықтады.

Полиция қызметкерлерінің тергеу барысындағы ақпараты бойынша, 18 шілдеде ер адамдар іс-шаралардың бірінде кездескен. Той Қаратомар ауылында жалғасқан. Түнге дейін созылған бас қосу жанжалмен аяқталған, оның барысында күдікті осы елді мекенде жалға алынған үйде сақталған мылтықты алып, досына оқ жаудырған. Өкінішке орай, дәрігерлер ер адамның өмірін арашалап қала алмады, алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Полиция қызметкерлері қылмыс құралын – МР-153 маркалы мылтықты тәркіледі, айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру