Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды
Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде ҚР КҚ-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге сотталған В. есімді азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген тағамын тексеру барысында екі телефон табылғаны мәлім болды.
Тыйым салынған заттың түрмеге кіргізілуіне жол бермеген мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Ө.Жағыпардың айтуынша, асыра ойластырылған айламен тағам ішіне жасырылған сәлемдемені арнайы құралдар арқылы тексеру барысында анықтаған.
Аталған әрекет бойынша мекемеге тыйым салынған затты алып кірмекші болған А. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, іс-құжаттары сотқа жолданды.