Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған мереке қарсаңында ардагер-әйелдерге арнап сыйлық жасады

Абай облысында сотталған мереке қарсаңында ардагер-әйелдерге арнап сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы тыл және еңбектің ардагер-әйелдерге арнап сыйлық жасады. 20 телефон ұстауыш құрылғысын станокта кесіп жасаған сотталған, ағаш өңдеу цехында бес жылдан бері жұмыс істейді. Сыйлық жасау мақсатында, оның жұмыс берушісі оны сыйлық жасауға қажетті материалдармен қамтамасыз етті.

– Бұл өте қарапайым нәрсе болып көрінгенмен, қазіргі уақытта бұл өте қажет дүние! Тіпті темір тордың ар жағында отырып, бізге осындай ұнамды сый жасап жатқанын ғажап деуге болады. Сыйлық үшін көп рахмет айта отырып бұл азаматтың тезірек босап шығуына тілектеспіз, – дейді еңбек ардагері Ғалия Ахметқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру