Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ АҚШ Елшілігінің өкілдерімен есірткіге қарсы саладағы ынтымақтастықты талқылады

ІІМ-де есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA) Қазақстандағы өкілдігінің атташесі Кармен Дешепломен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды есірткі қылмысына және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шаралары, оның ішінде Үкімет пен елдің мүдделі органдары қабылдайтын шаралар туралы хабардар етті.

Кармен Дешепло жиналғандарды өзінің қызметтік міндеттерімен, сондай-ақ DEA жаңадан келген қызметкерлерімен таныстырды.

Кездесуде есірткіге қарсы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан өкілдерін синтетикалық есірткіге қарсы күрес, оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы есірткі зертханаларын қауіпсіз тексеру бойынша оқыту мәселесі талқыланды.

Тараптар есірткі бизнесімен күресте өзара іс-қимылды жандандыру және өзекті ақпаратпен тұрақты негізде алмасу қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог форматында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру