Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторы жас мамандармен толықты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторына 21 жас маман жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мекемедегі жас мамандардың бірі, қаржымен қамтамасыз қызмет ету бөлімінің экономисті Азиза Оразалина И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғарғы колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Ол қызметтік міндеті бойынша мекеменің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасауды жүзеге асырады, бюджеттік қаражаттардағы үнемделудің резевтерін анықтайды. Мекеменің қаржы саласында қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген жас маман өз ісіне тиянақты, ұқыпты.

Келесі жас маман – Жаншуақ Аймахан. Ол Қазақ ұлттық аграрлы зерттеу университетінің құқықтану бакалавры дәрежесін тәмамдаған. Қазіргі күні арнайы есепке алу бөлімінің маман инспекторы. Оталықтандырылған ақпараттандырылған деректер базасына мекеме қамауына келіп түскен азаматтарды тіркейді. Заңды өкілдерге, адвокат, прокуратураға шақырту талонын береді және іс- құжаттарын тігумен айналысады.

Мекеменің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Перизат Алмастың басты міндеті – мемлекеттік сатып алу бойынша порталға хабар жіберу және нәтижесі бойынша келісімшарт жасасу, келіп түскен келісімшарт негізінде қаржыларды игеру.

– Мен ЗК-169/1 мекемесіне жұмысқа қабылданарда түйіндемемде қызыл диплом иегері екенімді көрсеткен болатынмын. Алғашқы әңгімелесу сәтінде мекеме бастығы «Колледжді қызыл дипломмен бітіріпсің, жоғарғы оқу орнын Халықаралық қазақ-түрік университетінде аяқтапсың. Білімді жас деп саған сенім артып, жұмысқа қабылдап отырмын» деген болатын. Міне, сол сенімді ақтау мақсатында еңбек етіп келемін, – дейді жас маман.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру