Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген айран ішінен телефон табылды
Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген айран ішінен телефон табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетуінің алдын алды.
Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері сотталған Б-ға келген азаматша К-ның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен бір телефон және екі дана Beeline SIM-картасы тәркіленді.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-481- бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
- Біздің қызметкерлер тағы да кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл біріншірет емес. Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық бақылаушыларымыздың басты қасиеті, – дейді мекеме басшысының міндетін атқарушы Темірбек Азамат.