Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 10 күнде 27 заңсыз қаруды тәркіледі

СҚО полицейлері 10 күнде 27 заңсыз қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста 10 күндік “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол заңсыз айналымнан тіркелмеген қару мен оның оқ-дәрілерін алуға бағытталған.

Қылмыстық полиция бөлімшелері учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс істеді. Қызылжар ауданында Соколов кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі ауылдың 57 және 60 жасар тұрғындарының үйлерінде тіркелмеген ИЖ және ТОЗ аңшылық мылтықтарын анықтады. Екі адамның да берген түсініктемесі бір: қару әкелерінен қалған. Ауыл тұрғындары жауапкершілікке тартылды.

– Қаруды туыстарынан естелік ретінде қалдыруға болмайды. Иесі қайтыс болған жағдайда қаруды полицияға сақтауға тапсырып, кейіннен өз атына тіркелу немесе комиссиялық сату туралы шешім қабылдау қажет. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабына сәйкес, ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады– дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Небәрі 10 күн ішінде СҚО полицейлерімен 27 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, екі бірлік суық қару және 157 түрлі калибрлі патрон заңсыз айналымнан алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру