Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тыныштықты бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Павлодар облысында тыныштықты бұзған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Всеволод Иванов көшесі 62/1 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары жұмыс күнінен кейін тыныштықты сезінуге жанжалдың шуы кедергі болды. Шу ұзақ уақытқа созылды, сондықтан сағат 00.00-де тұрғындар полицияға қоңырау шалды. Пәтер иесінің ұлы анасына жанжал шығарғаны анықталды.

– Ер адам тәртіп сақшыларына “мерекеге орай достарымен бірталай ішіп” үйге кеш келгенін, оған анасы ескерту жасағанын айтты. Ұлына бұл ұнамады және ол айқайлай бастады. Бұл ретте көршілердің шуды тоқтату туралы өтініштеріне павлодарлық жауап бермеуге шешім қабылдады. Сондықтан, тыныштықты бұзғаны үшін сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ер адаммен полицейлер мұндай жағдайлардың алдын алу туралы әңгіме жүргізді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Келесі жағдай, 2023 жылғы 13 наурызда сағат 02.52-де Бұқар Жырау көшесіндегі 12 үйдің тұрғыны пәтер терезесінің астында ер адамның айқайлағанын, ескертуге құлақ аспағанын айтып, қоңырау шалды. Сол күні сағат 04.00-де Лермонтов көшесіндегі 91 үйдің тұрғындары жоғарыдан шу шығаратын көршілеріне шағымданды.

Бір тәуліктің ішінде Павлодар қаласының полициясына тыныштықты бұзу бойынша 10 шақыру келіп түскенін атап өткен жөн. Шақырудың барлық жағдайларын полиция қызметкерлері тексерді, әрбір бұзушыға тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Осы жылы полиция Павлодар өңірінің түнгі уақытта басқалардың тыныштығын бұзған барлығы 1092 тұрғынын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру