Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторында отырған азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде бірнеше баппен күдікті деп танылған азамат заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

40 жастағы азамат ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 266-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті деп танылды.

Бүгінгі таңда бұл азаматтың жасаған қылмыстары бойынша ісі тергеуде. Сот үкімі шықса, бірнеше жылдарын темірторда өткізетіні анық.

– Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді. Маған оның адалдығы ұнады. Сондықтан жас алшақтығына қарамай, ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтініш жаздық. Мекеме заңгері Б.Абдразақтың ықпалымен неке куәлігін алдық. Алайда енді маған заң алдында жауап беруге тура келеді. Бірнеше жыл темірторда отырамын, – дейді айыпталушы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру