Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынды алдаған алаяқ сотталды

Қызылордада тұрғынды алдаған алаяқ сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, оның ақшасын заңсыз иемденген. Алаяқ тұрғынды қайтарымсыз 5 млн теңге несие алып беремін деп алдап, 300 мың теңге ақшасын қалтаға басқан.

Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдікті әйелді құрықтады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 300-бабымен айыптау актісімен сотқа жолданған. 9 қыркүйекте Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін тұрғындарды сақ болуға және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға айтпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру