Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды

Қызылордада түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне жедел ақпарат түсті. Таңғы 07:00 шамасында мекеме қоршауынан сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған қала тұрғыны құрықталды.

Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған ер адамнан төрт дана нығыздалып оралған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес өсімдік, ұялы телефонның батарейкасы және трамадол дәрісіне ұқсас зат тәркіленеді. Тәркіленген заттар бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру