Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 12 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордалық полицейлер «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 12 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық жанжал шығарған 422 құқық бұзушыны ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойды.

Мысалы, Шиелі ауданы Бестам ауылының 70 жастағы тұрғыны үйіне мас күйінде келіп, әйелінің мазасын алып, отбасылық жанжал шығарғаны үшін полицияның есебіне қойылып, оған қорғау нұсқамасы шығарылды.

Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 7005 адамды мекен-жайлары бойынша тексеріп, олармен  профилактикалық әнгімелесулер жүргізді.

Сонымен қатар  іс-шара барысында тіркелмеген 65 қару тәркіленіп, қару иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Облыс көлемінде заңсыз жалға ұсынылып жатқан 68 пәтер анықталып, олар бойынша жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру