Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоймаға ұрлыққа түскен екеу ұсталды

Қарағанды қаласында екі азамат қойманың шатырын бұзып, ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қызмет көрсету аумағындағы мекемелердің бірінің қоймасында ұрлық болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы белгісіз азаматтардың мекеме қоймасының шатырын бұзып кіргендігін анықтады.

Күдіктілер қоймадан құрылыс материалдарымен қоса рельстер ұрлаған.

Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы екі азаматты ұстады. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру