Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрланған аккумуляторлар иесіне қайтарылды

Қызылорда облысының тұрғыны ұрланған аккумуляторларын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні Қызылорда қаласында белгісіз біреулер «КамАЗ» автокөлігінің «Токлер-190» екі дана аккумуляторын ұрлап кеткен.

Оқиға орнына дереу Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Ұрыларды табу оңай болған жоқ, алайда полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында үш күдікті «ізін суытпай» ұсталды.

Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Ұрланған мүлкі қайтарылған тұрғын полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру