Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер иелері кооперативінің бухгалтері 1 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған

Павлодар облысында пәтер иелері кооперативінің бухгалтері 1 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Cеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Әдетте қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін бухгалтерлер, кассирлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайды.

Павлодар облысында жыл басынан бері  бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың 31 фактісі тіркелген.

Мысалы, полицияға павлодарлық пәтер иелері кооперативтерінің бірінің төрағасы қаржылық құжаттарды тексеру кезінде ұйымда ақша қаражатының жетіспеушілігі анықталғанын хабарлаған.

Келтірілген шығын шамамен 1 млн. 160 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері осы мекемеде бас бухгалтер болып жұмыс істеген 46 жастағы әйелдің осы қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Мекемеде бірнеше жыл бойы жұмыс істеген әйел соңғы бір жыл ішінде мекеме қаражатын өз пайдасына жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру