Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрлық қылмысын жасаған азамат сотталды

Қызылордада ұрлық қылмысын жасаған азамат сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде қала аумағында үйге заңсыз кіріп, құрылыс заттары мен құрал саймандарды жасырын жымқырған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 480 мың теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты Қызылорда қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізді. Тергеумен қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы №2 сотының 2023 жылғы 15 наурыздағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру