Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 13 сотталған полистиролбетон өндіретін цехта жұмыс істейді

ШҚО-да 13 сотталған полистиролбетон өндіретін цехта жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО колониясында 50 мыңнан астам полистиролбетон дайындалды. Дайын өнімдер облыс нарықтарына жеткізілді. Өскемен қаласында орташа қауіпсіздік колониясында 3 жыл бойы полистиролбетон өндіріп шығару цехы табысты жұмыс істеп келеді және онда 13 сотталған жұмыспен қамтылған. Алып жатқан жер аумағы 1220,2 шаршы метрді құрайды.

– Сотталған адамды жұмыспен қамтудың негізгі міндеті – босатылғаннан кейін қоғамда әлеуметтік бейімделу. Сотталғандар өз еңбектері үшін жалақы алады, жақындары мен туыстарына көмектеседі, талап-арыздарын өтеп, алиментін төлейді. Еңбекке деген дағдыларын жоғалтпастан, сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін өздеріне және отбасыларына қамқорлығын көрсете біледі, – деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК №17 мекеме бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру