Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрлық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Қызылордада ұрлық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны Г. есімді әйел Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

– Сотталған әйел 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Қызылорда қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не жіберілді, қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін, қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды тағыда басқа еңбек етіп жазасын өтейді. Әйел мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң, «Қызылорда Тазалығы» ЖШС мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы туралы кесте түзіп, қалалық пробация қызметіне жазбаша түрде хабарлайды, – дейді Қызылорда қалалық пробация қызметі  бөлімінің  инспекторы Р. Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру