Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жалға алынған көлікті сатпақ болған адам ұсталды

Алматыда жалға алынған көлікті сатпақ болған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы Н.есімді азамат, Toyota Land Cruiser-200 жол талғамайтын көлігін жалға алып, оны танымал хабарландыру сайттары арқылы сатуды көздеген.

– Әрине, хабарландырудың өзі көліктің бағасының нарықтан екі есе төмен сұрауымен назар аудартты. Автокөліктің жағдайы жақсы және жүріп тұр. Сатушыда ешқандай құқықты белгілейтін құжаттар болған емес және болуы да мүмкін емес еді. Қулықтың бәрі осыда болатын. Қаскөй біреудің көлігін тез сатуды көздеген. Мұндай күдікті көлікті сатып алушыда табылды. Сатып алушы сатушының құжаттарды жоғалғаннан кейін қалпына келтіруге болады деген сөзіне сенген. Жеке меншікке қатысты мынадай құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 190 бабы – алаяқтыққа сәйкес тергеледі. Қамауға алынған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру