Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сериялық велосипед ұрлықшысы ұсталды

Алматыда сериялық велосипед ұрлықшысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың Алатау ауданында велосипед ұрлауға маманданған адам ұсталды. Жергілікті тұрғын “Ақкент”, “Нұркент”, “Алатау-Сити” шағын аудандарындағы көп қабатты үйлерде “жұмыс істеді”. Белгілі болғандай, 33 жастағы Ж.есімді ер адам үйлердің кіреберісіне кіріп, байланбаған велосипедтерді алып кеткен, содан кейін арзан бағамен сатқан.

– Бүгінгі таңда, құрылған жедел-тергеу тобы Ж.есімді ер адам жасаған бес ұрлықтың бетін ашты. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған дейін ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншинбаев.

Қолда бар фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру