Қызылордада ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Қызылордада ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтар күні Қызылорда қаласының аумағындағы дүкендердің бірінде болған телефон ұрлығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Ұрлық дерегі бойынша облыс тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасына арызданған. Арыз негізінде жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде “ізін суытпай” ұрлық қылмысына күдіктелген 52 жастағы азаматша анықталып, ұсталды.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрланған телефон өз иесіне қайтарылып, облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.