Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Үздік тәртіп сақшысы» номинациясының иегері қызмет атқарады

Полиция капитаны Давлетов Арыстанбек «Үздік тәртіп сақшысы» номинациясының иегері, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала әкімі Н.Нәлібаев 2020 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен қол жеткізген жетістіктерін саралап, толайым табыстарға толы болған жылды қорытындылады.
Шарада сондай-ақ жылдағы дәстүрге сай ел дамуы жолында еселі еңбегімен ерекшеленген, қаланың қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген жыл үздіктері марапатталды.

Үздіктер қатарында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкері, 2015 жылдан бастап әкімшілік полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясының автоинспекторы, полиция капитаны Давлетов Арыстанбек Қасқырбекұлы жылдың «Үздік тәртіп сақшысы» номинациясының иегері атанып, марапат биігінен көрінді.

Сауатты, жауапкершілігі мол қызметкер. Әріптестері оның қарапайым, адал, жауапты, қиын сәтте көмекке келуге дайын азамат екендігін айтады. Мінсіз қызметі үшін қала әкімі тарапынан бірнеше мәрте марапатталған.

Жұбайы Арманова Аидамен 2013 жылы отау құрған. Аида медицина саласының қызметкері. Арыстанбек пен Аида Бейбарыс пен Әлихан ұлдарын тәрбиелеуде.

– Күндіз-түні ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін барлық Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жыл бойы аянбай еңбек етті. Менің осы алған марапатым тек менің еңбегімнің жемісі емес. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Ал, осы аталған қасиетердің барлығы менің әріптестерімнің бойынан табылады. Ендеше, елдік жолында атқарылар игі істер көп болсын демекпін, – деп атап өтті Арыстанбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру